Мәзір
4 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Медведев Қазақстан туралы шулы жазбасына қатысты мәлімдеме жасады

Медведев Қазақстан туралы шулы жазбасына қатысты мәлімдеме жасады

Медведев Қазақстан туралы шулы жазбасына қатысты мәлімдеме жасады Медведев Қазақстан туралы шулы жазбасына қатысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

Дмитрий Медведев «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында РИА Новостиге берген сұхбатынан үзінділер жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

«Жақында Желідегі парақшаңыз бұзылды. Жазба жарияланды, онда бұрынғы КСРО республикаларына қарсы пікірлер болды. Бұған қалай қарсы тұруға болады?» - деп сұрады журналистер.

«Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Олардан ешкім сақтана алмайды. Үкімет төрағасы қызметін атқарған кезімде осындай шабуылдарға тап болатын едім. Бұл - біз айтқан ақпараттық соғыс көрінісі. Тағы да растай аламын: әлеуметтік желі әкімшілігі мен құзыретті органдар тексеріс жүргізеді. Кінәлілер жазасыз қалмайды», - делінген жазбада.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде скриншоттар пайда болған еді. Онда «ВКонтакте» желісіндегі Дмитрий Медведевтің парақшасындағы пост түсірілген. Медведевтің парақшасынан түсірілген скриншоттарда «Қазақстан жасанды мемлекеттік құрылым» екені айтылған болатын.

Апта талқысында: