Жигули Дайрабаев желідегі айыптауларға жауап берді, деп жазады Taulik.kz. Informburo.kz жазуынша, Жигули Дайрабаев Меркідегі үйінің келісім-шарты заңды, үй иелерінің құқықтары сақталғанын айтқан.
"Нотариус арқылы жасалған келісім-шартымыз заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған. Ақша талап етіп жүрген азаматты танымаймын. Білуімше, бұл азамат үй сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы (ажырасқан). Ерлі-зайыптылардың арасына кірісетін адам емеспін. Ол менің осы лауазымымды пайдаланып, бопсалау жолын таңдаған. Айта кетейін, мұндай әрекет бірінші рет емес. Осыдан біраз уақыт бұрын мені кінәлаған адам мені қаралаған үшін соттың шешімімен жазаланып, айыппұл төлеген болатын. Бұл әрекетін тоқтатпаса қайтадан сотқа жүгінуіме тура келеді" – деді депутат.