Мәзір
3 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды
ашық дереккөзі
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 мамырына дейін ұзартты, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 17 сәуірдегі ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 мамырына дейін», - делінген сот мәліметінде.
Айта кетейік, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын. Қ.Құдайбергенге «Дикий» Арманмен бірге қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Апта талқысында: