logo
search
menu
Әлімханұлы мен Батлер айқасы тікелей эфирден көрсетіледі
ашық дереккөзі

Әлімханұлы мен Батлер айқасы тікелей эфирден көрсетіледі

Әлімханұлы мен Батлер айқасы тікелей эфирден көрсетіледі Қазақстандық жанкүйерлер орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен канадалық Стивен Батлердің (32-3-1, 26 КО) айқасын тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды taulik.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Стоктандағы (АҚШ, Калифорния штаты) жекпе-жек 14 мамыр күні Қазақстан уақытымен таңертең өтеді. Тікелей көрсетілімді «Хабар» телеарнасы ұйымдастырады. Басталуы Астана уақытымен 07.00-де. Бұл - Жәнібектің титулын екінші рет қорғауы. Бұған дейін ол 2022 жылы қарашада төрешілердің бірауыз шешімімен британдық боксшы Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) жеңген болатын.