«Ол кісі Зәкеңнің көзі тірісінде балаларын араластырмады. Мерейдің маңдайынан бір сүймеген адамдар. Зәкеңнің жоғына 18 жыл болды ғой. Бір келіп, Мерейдің маңдайынан сүймеген адамдар. Бұл қыз мектепке барды, мектепті бітірді. Біреуі келіп құттықтап, бір кірген емес. Зәкеңнің зейнетақысына таласқанына не сұрайсыз?, - деді әнші.
Зәкең қайтыс болғанда Қайрат – 38-де, Құралай – 33-те болды. Сөйтіп отырып, олар зейнетақысына таласты. Зәкеңнің зейнетақысын 18 жыл бойы бөлісті. Осыдан кейін қандай туысқандық болуы мүмкін? Біз Зәкеңді құрметтейміз. Зәкеңнің шаңырағының иесіміз. Сондықтан да бізге тыныштық берсін» – деді Мақпал Жүнісова.