Мәзір
4 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Fly Arystan қызметкерлері айтыскерді домбырамен ұшаққа кіргізбей қойған

Fly Arystan қызметкерлері айтыскерді домбырамен ұшаққа кіргізбей қойған

Fly Arystan қызметкерлері айтыскерді домбырамен ұшаққа кіргізбей қойған Fly Arystan қызметкерлері айтыскерді домбырамен ұшаққа кіргізбей қойған
ашық дереккөзі
Fly Arystan қызметкерлері ұшаққа домбырамен кірмек болған айтыскерді жұрт көзінше жұлқылаған, деп хабарлайды taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. Жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойған.
“Fly Arystan компаниясының қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбейсің деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Бірақ мені жұлқылаған екі қыз менің бұрын боксқа қатысқанымды және олардан қарағанда күшім көп екенін білмей қалыпты. 2 қыздың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім! Жақсы жеттік! Әбден есіріп, елдің құқығын таптап, ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!”, – деді ол желідегі парақшасында.

Апта талқысында: