logo
search
menu

Министр көшеде түкіруге тыйым салу ұсынысын қолдады

Министр көшеде түкіруге тыйым салу ұсынысын қолдады
4 тамыз, 2022
Министр көшеде түкіруге тыйым салу ұсынысын қолдады
ашық дереккөзі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден қоғамдық орындарда түкіруге заң деңгейінде тыйым салу туралы сұрады.

«Еуропада мұндай нәрсе жоқ, ал бізде барлық аялдама, қоғамдық орын түкірікке толы», - деді журналистер.

Денсаулық сақтау министрі заңды түрде қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды қолдайтынын айтты.

«Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толық қолдаймын. Сіздің ұсынысыңызды да қолдаймын. Бірігіп депутаттарға осындай бастама туралы айтуымыз керек шығар», - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар министр ұсыныс талқылануы керек екенін айтты.

«Білмеймін. Қандай кодекс? Кодекске енгізу керек пе? Ұсынысыңыз туралы ойланайық. Кез келген тыйымға жаза болады. Әрине, мұны қоғаммен талқылау керек», - деді ол.

user

taulik

taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы