Қаңтар оқиғасы бойынша тергеудегі айыпталушы өзіне қол жұмсады

Қаңтар оқиғасы бойынша тергеудегі айыпталушы өзіне қол жұмсады

ашық дереккөзі

“Қаңтар оқиғасы” бойынша тергеліп жатқан Әділет Ахыт тергеу изоляторында өз-өзіне шеге тығып алды, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әділет Ахыт өз іс-әрекетін тергеудің әділетсіз өтуі мен жала жабылғандығы үшін ашынып жасадым дейді.
“03.05.2023 жылы сағат 02.30 уақыт шамасында РГУ №67 мекемесінің №14 камерасында өзімнің ішіме шеге тығып, қол жұмсадым. Себебі, 2022 жылы қаңтар оқиғасында ЖТТ тобында басталған маған қатысты қылмыстық іс бойынша прокурор Сүттібаев С., Наурызбаев Ш., Тергеуші Сыздықов Е., Сапар Қуаныш істерді жала жауып күдікті ретінде танығаны үшін қамалып отқаным бойынша, осындай іс әрекетке барып отырмын. Осы жөнінде шара қолдануыңызды сұраймын. Сонымен қатар РГУ №67 мекемесінің қызметкерлеріне арыз талабым жоқ”, – делінген айыпталушының арызында.
Әділет Ахытқа Қылмыстық кодекстің 272-баптың 1-тармағы, 188-баптың 1, 3-тармақтары бойынша айып тағылған.

Loading...