logo
search
menu
Абай облысында ер адам әйелін өлімше етіп сабаған
ашық дереккөзі

Абай облысында ер адам әйелін өлімше етіп сабаған

Абай облысында ер адам әйелін өлімше етіп сабаған Әлеуметтік желілерде Абай облысында Бобровка ауылында ер адам әйелін үнемі ұрып-соғып, өлім аузына апаратыны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz. Соққылардан кейінгі фотосуреттер де тарап жатыр. Соңғы рет 2 мамыр күні әйелдің миы шайқалған.
«Учаскелік полиция қызметкерлері еш шара қолданбай, оны жібере салады. Олар өлімге әкелетін нәтижені күтетін сияқты», - делінген хабарламада.
Ulysmedia.kz жазуынша, бұл жағдайға Қазақстанның Ішкі істер министрлігі де түсініктеме берген. Олар 3 мамыр күні ауруханаға 30 жастағы Семей қаласының тұрғыны жүгінгенін хабарлады.
«Отбасылық жанжал салдарынан дене жарақаттарын алған. Аталған факті Семей қаласы Әуезов ПС-на тіркеліп, тексеру жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру нәтижесі бойынша құқық бұзушы заң аясында жауапкершілікке тартылады», - деді ІІМ.
Бүгінде жәбірленуші туыстарының қолында.