«Анасы мен ұлы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы аясындағы өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.
85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
4 мамыр, 2023

Қарағандыда 85 жастағы зейнеткер 50 жастағы ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық полицияның мәліметінше, 26 сәуір күні Ермеков көшесіндегі пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілер бар ер адамның мәйіті табылды. Оның жанында 85 жастағы анасы, яғни пәтердің иесі болған.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы