logo
search
menu

Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады?

Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады?
5 мамыр, 2023
Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдер қатысады?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бүгін бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының бесінші жарыс күні басталады. Шаршы алаңға үш қазақ боксшысы көтеріледі, деп хабарлайды taulik.kz KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Күндізгі сессияда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Серіктің қарсыласы - малилік Абдул Батили. Теміржанов пен Батили күндізгі сессияның шымылдығын ашып, шаршы алаңға бірінші болып шықпақ. Сондай-ақ бүгін егіздер Айбек пен Нұрбек Оралбай да сынға түседі. 92 келідегі Айбек бұл чемпионаттағы екінші жекпе-жегін италиялық Мухиддин Азиз Аббеске қарсы өткізеді. 80 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Нұрбек Оралбай әзірбайжандық Мұрад Аллахвердиевпен жұдырықтасады. Ағайынды Оралбайлардың кездесуі кешкі сессияға жоспарланған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы