logo
search
menu

Қытай Тайванға қарай зымыран атты

Қытай Тайванға қарай зымыран атты
4 тамыз, 2022
Қытай Тайванға қарай зымыран атты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қытай армиясы Тайван аралына қарасты жағалауға, теңіз маңына баллистикалық зымырандар тастап, сынақ жүргізді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.

    Бұл жайлы Тайванның қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Қытайлар зымыранды бүгін шамамен сағат 13:56-те атқан. Бомба Тайванның солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысына кеп түскен.

    Жіберілген баллистикалық зымыранның аты – "Дэнфун-17" гипердыбысты ракеткасы. Қытай армиясы тайван аралына қарай 11 баллистикалық зымыран жіберген екен. 

    Қытайдың Global Times мемлекеттік газетінің жазуынша, қытай армиясы мұндай батыл әлі қауіпті қадамға бірінші рет барып тұрғанға ұқсайды.

    Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Тань Кэфэйдің айтуынша, Қытай тәуелсіз территориясын сақтау мен қорғау үшін батыл қорғаныс пен соғысқа көшуге дайын әрі Тайванның бөлініп шығуына үзілді-кесілді қарсы.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы