logo
search
menu

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
5 мамыр, 2023
Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ұлттық банк өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстыратын алаяқ топтардың көбейгенін айтып ескерту жасады, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Ұлттық банктің хабарлауынша, мұндай топтар биржа саудасында тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін сипаттайтын жарнамалық роликтерге толы сайттар мен мобильді қосымшаларды жасайды.
    Алайда олар сипаттайтын қаржылық дамуға қатысты бағдарлама шын мәнінде жоқ, - делінген хабарламада.
    Ұлттық Банк мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің айқын белгілері бар екенін хабарлады. Оның ішіне мынандай белгілері бар:
    • Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жүргізбейді;
    • Ұлттық банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;
    • ресурстарда қысқа уақыт ішінде жоғары пайдаға жалған кепіл беретін ақпарат қамтылады, сондай-ақ байланыс дерегі жоқ;
    • алаяқтар бейресми нөмірлерден белсенді түрде қоңырау шалып, жалған құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады;
    • іс жүзінде активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.
    Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы