Мәзір
5 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Сербия президенті өлім жазасын қайтадан енгізуге шақырды

Сербия президенті өлім жазасын қайтадан енгізуге шақырды

Сербия президенті өлім жазасын қайтадан енгізуге шақырды Сербия президенті өлім жазасын қайтадан енгізуге шақырды
ашық дереккөзі
Сербия президенті Александр Вучич халыққа жолдауында үкіметті елдегі өлім жазасын қайтаруға шақырғанын айтты. Бұл туралы taulik.kz жазады. 
«Мен премьер-министрге өлім жазасын қайтаруды ұсындым, бірақ ол үкіметпен бірге бұған қарсы болды, өйткені Еуропада бұл өлім жазасын қолданатын Беларусь пен Сербия ғана болар еді», - деді Вучич. Ол бұндай конвенцияларға байланысты ел оған бара алмайды деп санайды.
Оның сөзі 5 мамырға қараған түні Белград маңындағы ауылда болған қайғылы оқиғаның аясында айтылды. Күдікті 21 жастағы Урош Б. жергілікті мектептің ауласында полиция қызметкерімен жанжалдасып, қаруымен тәртіп сақшысы мен оның әпкесін атып өлтірген. Одан кейін жақын маңдағы Шепшин ауылының адамдарын атып өлтіріп, полициядан жасырынбақ болған. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алған.

Апта талқысында: