АҚШ Конгресінің мүшесі жол апатынан қайтыс болды

АҚШ Конгресінің мүшесі жол апатынан қайтыс болды

ашық дереккөзі

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі Джеки Валорски жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Индиананың солтүстігіндегі Наппани қаласына жақын жерде болды. АҚШ Конгресінің Республикалық партиясының мүшесі, Индиана штатының өкілі Джеки Валорски мен оның қызметкерлері болған көлікке тағы бір көлік қарсы жолаққа шығып соғылған.

Айта кетейік, 58 жастағы Джеки Валорски Конгресске сайлау науқаны кезінде қайтыс болды. Ақ үй оны еске алу үшін жалау жартылай ілінетінін айтты.

АҚШ президенті Джо Байден, өз кезегінде, Валорски екеуі әртүрлі партиялардың өкілдері болғанын және көптеген мәселелер бойынша келіспейтінін, бірақ екі партияның мүшелері оны Өкілдер палатасы комитетіндегі жұмысы үшін құрметтейтінін айтты.

Loading...