logo
search
menu

Алматылық әйелдің автобуста телефон ұрлағаны видеоға түсіп қалды

Алматылық әйелдің автобуста телефон ұрлағаны видеоға түсіп қалды
5 мамыр, 2023
Алматылық әйелдің автобуста телефон ұрлағаны видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

     Алматыда автобуста телефон ұрлап жатқан әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 
    "А. есімді әйел қоғамдық көлікке жолаушы ретінде отырған. Көрші жолаушы ұйықтап қалғанда, ол білдірмей қасындағы жолаушының қалтасынан IPhone телефонын суырып алған. Жәбірленуші шығынды 350 мың теңгеге бағалаған. Медеу аудандық ПБ-ның қызметкерлерімен бірге жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұялы телефон тәркіленіп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті 31 жаста. Қазір Тараздан келген әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
    ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы