logo
search
menu

Боксшы Нұрбек Оралбай бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді

Боксшы Нұрбек Оралбай бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді
5 мамыр, 2023
Боксшы Нұрбек Оралбай бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде жеңіске жеткен Нұрбек Оралбай (80 келі) жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Қазақстандық спортшы әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевтың осал тұсын тапты.

    «Алғашқы жекпе-жекте жеңіске жеттім. Қарсыласым - тәжірибелі боксшы, Токио Олимпиадасына қатысқан. Бапкерлерімнің тактикасы ойдағыдай жүзеге асты. Алдағы жекпе-жектерімде де жақсы ойын көрсетемін деген ойдамын. Туған елге абыроймен қайтуға бар күшімізді саламыз. Қолдау білдірген барша жанкүйерге рақмет айтамын», - деді Нұрбек Оралбай.
    Еске салсақ, бүгін Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ал Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинге есе жіберіп қойды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы