logo
search
menu

Балабақша меңгерушісінің 15 жастағы ұлы тәрбиеленушілерді азғырған

Балабақша меңгерушісінің 15 жастағы ұлы тәрбиеленушілерді азғырған
6 мамыр, 2023
Балабақша меңгерушісінің 15 жастағы ұлы тәрбиеленушілерді азғырған
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ташкенттегі балабақша Бас прокуратураның назарына іліккен. Меңгерушінің 15 жастағы ұлы 6 жастағы қыздарға тиісіп, шешінуге мәжбүрлегені белгілі болды, - деп хабарлайды Taulik.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

    Портал мәліметінше, жоғары сынып оқушысы балабақшаға күн сайын келіп, дайындық тобындағы балалармен оңаша қалатын болған. Қорқытып-үркітіп, төрт қызды шешінуге мәжбүрлеген, біреуі шетелдіктің қызы болған. Жасөспірім қыздарға қолын жүгірткен, содан кейін біреуі айғалап жібергенде ол қорқып кетіп қалады.

    Балалар кешке барлығын ата-анасына айтып, олар құқық қорғау органдарына арыз жазып, оқиғаны журналистерге жеткізген. Қыздардың ата-анасы балалар жатқан бөлмеде камера орнатылмағанын, тергеу күні кіреберістегі камера кенет істемей қалғанын айтады.

    Бас прокуратура оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

    Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрлігі №230 балабақша меңгерушісі «қызметіне жауапсыз қарап, балалардың өміріне қауіп төндіргені үшін» қызметінен босатылғанын хабарлады.

     
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы