logo
search
menu

Браконьерлікпен айналысқан полиция қызметкері ұсталды

Браконьерлікпен айналысқан полиция қызметкері ұсталды
7 мамыр, 2023
Браконьерлікпен айналысқан полиция қызметкері ұсталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкері браконьерлікпен айналысқан, деп хабарлайды taulik.kz Халық Үніне сілтеме жасап.

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, 6 мамырда сағат 13:00 шамасында «Сапсан» жедел тобы мен Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері бірге рейд жүргізген. Нәтижесінде Аққайың ауданы Қиалы ауылдық округі Барыкөл ауылының маңында «Шағлытеңгіз» көлінің жағасында 4 тұрғынның жабайы құстарды заңсыз аулағаны анықталды. Арасында Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкері бар. Олардан қоныс аударатын жабайы қаздардың 31 ұшасы, 2 бірлік моторлы қайық, 3 бірлік 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.
    31 жабайы қазды заңсыз ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 800 мың (алдын ала есептеу бойынша) теңгені құрады. Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазір оқиға орны тексеріліп, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген министрлік хабарламасында.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы