Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

ашық дереккөзі

Қазақстанда орташа жалақы 340 636 теңге. Елімізде 767 мыңға жуық ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады, деп хабарлайды taulik.kz  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгеге тең. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 19,3%-ды, нақты мәнде – 0,6% төмендеді. Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңгені құрады. 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыста– 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды. 2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%. Орташа жалақы ең жоғары салалар: - тау-кен өндіру – 766 555 теңге; - қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге; - ақпарат және байланыс– 541 218 теңге. Орташа жалақы ең төмен салалар: - сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге; - ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге. Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі: - Атырау облысы – 618 420 теңге; - Маңғыстау облысы – 509 818 теңге; - Ұлытау облысы – 450 889 теңге; - Астана қаласы – 432 197 теңге; - Алматы қаласы – 390 322. Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі: - Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге; - Жетісу облысы – 246 203; - Шымкент қаласы – 254 202 теңге; - Жамбыл облысы –– 254 646; - Түркістан облысы – 257 874. 2023 жылғы І тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.

Loading...