Рульге ие бола алмаған Hyundai Tucson және ГАЗ-53 автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан бір адам қаза тапты. Екі адам жарақат алды, деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Алматы-Өскемен тасжолының 360-шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттенген. Жанама соқтығысып, жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. 54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Loading...