Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болғандар ұсталды

Маңғыстауда жаңа туған нәрестені сатпақ болғандар ұсталды

ашық дереккөзі

Маңғыстау облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша жедел ақпарат түсті, деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 мамырда сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері сәбиді тапсырған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды. Осы дерек бойынша Маңғыстау облысының полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр және тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.  width=

Loading...