Медеудегі өрттен жарақаттанған мен қаза тапқандар бар

Медеудегі өрттен жарақаттанған мен қаза тапқандар бар

ашық дереккөзі

Медеудегі өртті сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза тауып, ТЖД қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапты.  width=
"ТЖМ өртсөндіруші Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды", - делінген хабарламада.
ТЖМ қаза тапқан өртсөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.
Сондай-ақ өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкері жарақат алған.
"Өрт сөндіру кезінде Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Мамандандырылған жасақ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Оқасов Ерік Алмасбекұлы қолынан жарақат алды", - делінген хабарламада.
Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына су төгетін құрылғысы бар Ми-171 ҚР ТЖМ "Қазавиаспас", Ми-8 "Қазавиаспас" АҚ тікұшақтары жұмылдырылған. Сонымен қатар, "Іле Алатау" МҰТП қызметкерлерінен 42 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 32 адам мен 5 техникасы жұмыс істеп жатыр. Өрттің алдын ала мәлімет бойынша ауданы 3 гектар болады.

Loading...