Алматыда екі көшенің учаскелерінде жаз бойы көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Алматы жылу желілері" ЖШС жылу желілерін қайта жаңартуға байланысты 10 мамырдан 30 тамызға дейін қаланың екі ауданындағы бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады.
Медеу ауданында Қазыбек би көшесімен (Уәлиханов көшесінен Абдуллин көшесіне дейін) өтетін жол жабылады. Бостандық ауданында Ганди көшесінің бойымен ("Нұрсұлтан Назарбаев Қоры" ЖҚ-дан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін) көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бұл шара осы көше учаскелерінің жүріс бөлігімен өтетін құбырларды қайта құру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігі үшін қажет.
Осы учаскелерде орналасқан үйлерге ыстық су басқа схемалар бойынша беріледі.