Ауыр атлетикадан жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ауыр атлетикадан жерлесіміз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ашық дереккөзі

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Алексей Чуркин (73 келі) қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды taulik.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде алғашқыда 146 келі көтерсе, аталған бәсекені ол 154 келі нәтижемен аяқтады. Бұл нәтиже оған кіші күміс жүлдеге қол созуға мүмкіндік берді. Ал серпе көтеруде ол 186 келіні бағындырды. Одан кейін екі мәрте 191 келі салмаққа тапсырыс берген еді. Алайда бұл салмақты еңсере алмады. Егер 191 келіні көтергенде отандасымыз Азия чемпионы атанар еді. Нәтижесінде қоссайыс қортындысымен еншісіне 340 келіні жазды. Осылайша, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Loading...