Ақтөбелік 2 азаматты улы жылан шағып алған
«Ақтөбе облысында жыланның көп түрлі жоқ, сондықтан бір ғана вакцина қолданамыз. Қазір біздің аурухана тағы бір вакцинаға тапсырыс берді, күтіп отырмыз. Облыстық ауруханаларда вакциналар бар. Қалада жыланның шағуы өте сирек кездесетін еді, бірақ биыл жылан шағу дерегі бірнеше мәрте тіркелді», – деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.