Әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов жеңіске жетті
Әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов жеңіске жетті
9 мамыр, 2023

Мазмұны
Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов(71 келі) салмақта Израиль өкілі Мирослав Капулером-Ищенкомен кездесті, деп хабарлайды taulik.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші раундта отандасымыз екінші нөмірмен жұдырықтасты. Қарсыласын күтіп алып, бірнеше соққысын дарытты. Осылайша бірінші раундты өз пайдасына шешті.
Екінші раундта да Асланбек Шымбергенов осы тактиканы ұстана отырып, бұл раундта да жеңді.
Үшінші раундта да боксшымыз сауатты жұдырықтасып, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Тіпті бір рет израиль боксшысын нокдаунға түсірді.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы