Мәзір
10 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Дональд Трамп зорлау ісі бойынша айыпты деп танылды

Дональд Трамп зорлау ісі бойынша айыпты деп танылды

Дональд Трамп зорлау ісі бойынша айыпты деп танылды Дональд Трамп зорлау ісі бойынша айыпты деп танылды
ашық дереккөзі
Қазылар алқасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты журналист және жазушы Джин Кэрролды зорлағаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Taulik.kz. CNN хабарлауынша, қазылар алқасы 1996 жылдың көктемінде Кэррол саясаткер тарапынан зорлыққа ұшыраған деп тапты. Сот Трампты азаматтық сот ісін реттеу аясында әйелге қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар саясаткер Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы тиіс. Трамптың өзі журналист Джейн Кэрролды зорлады деген айыптауды жоққа шығарды. Айта кетсек, бұған дейін тағы бір әйел – 81 жастағы кәсіпкер Джессика Лидс Трамп тарапынан зорлық көргенін айтқаны болатын. Сондай-ақ 2016 жылы 11 әйел Трампты жыныстық қудалау жасады деп айыптады. Саясаткер сол кезде бұл айыптарды президенттік сайлаудағы қарсыласы, Демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтонның мүддесі үшін қолдан жасалған деп атады.

Апта талқысында: