logo
search
menu
Ресейдегі орман өртінен шыққан түтін Солтүстік Қазақстанда да сезілді
ашық дереккөзі

Ресейдегі орман өртінен шыққан түтін Солтүстік Қазақстанда да сезілді

Ресейдегі орман өртінен шыққан түтін Солтүстік Қазақстанда да сезілді Ресейдегі орман өртінен шыққан түтін Солтүстік Қазақстанда да сезілді, деп хабарлайды Taulik.kz. Orda.kz жазуынша, Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар түтінге шағымдануда. Оған көршілес Ресейдегі өрт себеп болған. Омбы, Қорған және Түмен облыстарындағы өрттен шыққан түтін Петропавлға жетті. Бірнеше күннен бері Ресейдің көршілес облыстарында өрт шарпуда. Соңғы мәліметтер бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарын түтін басқан. Ресейдің кем дегенде 18 облысында орман өрттері тіркелді. Жергілікті билік пен Greenpeace өрттің өршуі шөптің жануы мен сөндірілмеген өрттің кесірінен болып жатқанын айтады. Қорған облысында 21 адам қаза тауып, тағы 13 адам жарақат алды.