logo
search
menu

ЕО Қазақстанға санкция салмақшы

ЕО Қазақстанға санкция салмақшы
10 мамыр, 2023
ЕО Қазақстанға санкция салмақшы
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ЕО техникалық құралдардың Ресейге тасымалдануына қатысты Қазақстанға санкция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Taulik.kz. Politico жазуынша, қазір ЕО Ресейге қарсы санкциясының 11-пакетін дайындаған. 11-пакетке Ресейдің 72 азаматы мен 31 компаниясы енген. Санкциялар құжатында Ресей мен бірқатар Орталық Азия елдері де бар. Санкцияларға енген елдер тізімі әлі де талқыланып, нақты шешім алдағы уақытта қабылданады. Бұған дейін АҚШ-тың Қаржы министрі Элизабет Розенберг Қазақстанға санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен еді. Айтуынша, Қазақстан Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектеседі деп күдікке ілінген.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы