Алматы облысындағы 5 адамның өлімі: неден уланғаны белгілі болды

Алматы облысындағы 5 адамның өлімі: неден уланғаны белгілі болды

ашық дереккөзі

Полиция Алматы облысында бір отбасының жаппай улануының алдын ала себебін атады, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 4 мамырда сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының ПБ-ге Көлащы ауылында 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Нәтижесінде, 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қаза болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелген. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылғаны айтылды.

«Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған», – делінген хабарламада.

Loading...