logo
search
menu

Қошанов ұлдары сотталған Дайрабаев жайлы пікір білдірді

Қошанов ұлдары сотталған Дайрабаев жайлы пікір білдірді
10 мамыр, 2023
Қошанов ұлдары сотталған Дайрабаев жайлы пікір білдірді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ұлдары істі болған депутат Жигули Дайрабаевқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер палата төрағасынан депутат Ж.Дайрабаевтың мандатын тапсыруды талап еткен петиция жөнінде сұрады.
    «Дайрабаевқа келер болсақ, тікелей өзіне қатысты заңды мәселе туындап тұрған жоқ қой?! Оның балаларына қатысты мәселе бар. Сондықтан ел аузында жүрген депутаттардың балалары, туыстары ашық кеңістікте тұр. Олардың әрекетін «микроскоппен» қарап отырады. Әрбір шалт басқан қадам жарияланады. Егер заң бұзу депутат Дайрабаев тарапынан болса, әрине, бірінші кезекте «Ауыл» партиясы өз шешімін қабылдауы керек деп есептеймін», - дейді Қошанов.
    Бұл тұрғыда Мәжіліс төрғасы заңды тұрғыда Дайрабаевқа ешқандай сұрақ жоқ екенін, осы мәселе бойынша Мәжілістің репутациясына зиян келмейтінін айтты. Айта кетейік, биыл Тараз қаласының соты алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыптап, үкім шығарған екі күдіктінің Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені белгілі болды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы