logo
search
menu

Қостанайда заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 13 азаматы елден шығарылды

Қостанайда заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 13 азаматы елден шығарылды
10 мамыр, 2023
Қостанайда заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 13 азаматы елден шығарылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қостанай облысы Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарының аумағындағы көші-қон қызметінің мамандары рейдтік іс-шараларды өткізу барысында салынып жатқан нысанда заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 13 азаматын анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қостанай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының хабарлауынша, шет мемлекеттің азаматтары еңбек қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жүзеге асырған.
    "Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Меңдіқара және Ұзынкөл аудандары соттарының шешімдерімен заң бұзушыларды Қазақстаннан шығарып жібере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға елге 5 жыл мерзімге кіру шектелген. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Қостанай облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.
    Көші-қон және жергілікті полиция қызметінің мамандары соттардың шығарып жіберу туралы шешімін орындауды өз мойнына алды. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салды және полиция қызметкерлерінің бақылауымен олар ел шекарасынан шықты. Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында әкімшілік және азаматтық іс жүргізу тәртібімен 40-тан астам шетелдік азамат шығарылды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы