logo
search
menu

Алматыда астыртын казино қызметі әшкереленді

Алматыда астыртын казино қызметі әшкереленді
10 мамыр, 2023
Алматыда астыртын казино қызметі әшкереленді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматыда ставкалары мен ақшалай ұтыстарды көздейтін құмар ойын (астыртын казино) түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады Taulik.kz. Halyq Uni хабарлауынша, ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, үстел жапқышы (мата), ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленді. Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы