logo
search
menu

Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты

Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты
10 мамыр, 2023
Бокстан әлем чемпионаты: Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов (67 келі) жартылай финал жолдамасына ие болды, деп хабарлайды Taulik.kz. Қазақпараттың жазуынша, Қазақстандық боксшы А рингінде сегізінші жұпта мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасты. Алғашқы минуттан Дулаттың белсенділігі байқалды. Нәтижесінде төрешілер бірінші және екінші раундта бірауыздан төрешілер оның жеңгеніне қолдау көрсетті. Енді Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі. Еске салсақ, бұдан бұрын кешкі сессияда Махмуд Сабырхан мен Санжар Ташкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өткен еді. Ал күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Ортаға есе жіберді. Сонымен қатар қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай да жартылай финалға өтті.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы