logo
search
menu

Боксшыларымыздың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды

Боксшыларымыздың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
11 мамыр, 2023
Боксшыларымыздың жартылай финалдағы қарсыластары анықталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшыларымыздың қарсыласы анықталды, деп хабарлады taulik.kz. Жартылай финалға Қазақстан құрамасынан 5 боксшы шықты. Ел құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып Санжар Ташкенбай (48 келі) шығады. Отандасымыз таиландтық Вуттичай Юрачаймен жекпе-жек өткізеді. Ал Махмұд Сабырхан (54 келі) кубалық Йосвани Вейтимен жұдырықтасады. Дулат Бекбауов (67 келі) грузин Лаша Гурулимен кездеседі. Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Нишант Девомен жұдырықтасады. Нұрбек Оралбай (80 келі) ресейлік Имам Хатаевпен шаршы алаңға шығады. Әлем чемпионатының жартылай финалы 12 мамырда, финалдық сайыс 13 және 14 мамыр күндері өтеді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы