Ақтауда 26 жастағы полицейдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Ол 2-ші тамыздан 3-не қараған түні 17-ші шағын ауданда пышақ жарақатын алған еді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Сонымен, бейресми ақпарат бойынша тәртіп сақшысы сыныптастарының кездесуінде мектептегі досымен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде ол пышағын алып, досының мойнынан жарақаттаған. Полицей есін жимай ауруханада көз жұмды.
Желіде марқұмның өмірінің соңғы минуттары бейнеленген видео пайда болды. Кадрда жақын маңдағы ер адамның жәбірленушінің жарасын таңып жатқанын көруге болады. Қайтыс болған полиция қызметкерінің артында әйелі мен екі баласы қалды.
Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, бұл қаладағы танымал футболшы.