Бүгіннен бастап Петропавл қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Береке шағын ауданында болған өртке байланысты Петропавлда жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы жарлық ашық НҚА сайтында жарияланған.
Бұл ҚР заңнамасы шеңберінде зардап шеккендерге келтірілген шығынды қысқа мерзімде өтеуге мүмкіндік береді. Материалдық шығын тәуелсіз сарапшылардың бағалауына сәйкес өтеледі.
Еске сала кетсек, 7 мамырда Сенная көшесіндегі ашық алаңда қамыс өртенген болатын. Тілсіз жаудың салдарынан 9 жеке тұрғын үй өртеніп, тағы 2 үйге зақым келген.