logo
search
menu

Атырау облысында әскерден жаңа келген жігітті өлтіріп кетті

Атырау облысында әскерден жаңа келген жігітті өлтіріп кетті
11 мамыр, 2023
Атырау облысында әскерден жаңа келген жігітті өлтіріп кетті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Атырау облысында жақында ғана әскери борышын өтеп келген жас жігітті пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды taulik.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Ақ Жайық басылымының жазуынша, қайғылы оқиға мамырдың 7-нен 8-не қараған түні Индер ауданы Жарсуат ауылында болған.
    «Аудандағы Индербор кенті мен Жарсуат ауылының жастары табиғат аясына демалуға шыққан. Белгісіз себептермен жастар арасында өзара жанжал туындап, соның салдарынан Жарсуат ауылының 19 жасар тұрғыны – жақында әскерден келген жас жігіт пышақ жарақатынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
    Полиция аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде Индербор кентінің 19 жасар тұрғыны ұсталды. Сот санкциясымен ол екі айға уақытша тергеу изоляторына қамалды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы