Кентау саябағында атты кісі бірнеше бүлдіршінді таптап кетті

Кентау саябағында атты кісі бірнеше бүлдіршінді таптап кетті

ашық дереккөзі

Түркістан облысы Кентау қаласында атқа мінген адам саябақта серуендеп жүрген бірнеше бүлдіршінді таптап кеткен, деп хабарлайды Taulik.kz Otyrar.kz сілтеме жасап. Оқиға 9 мамыр күні кешкі уақытта болған. Тұрғындардың бірі өз жазбасында көпшілік серуендейтін орындарда атпен жүруге тыйым салу керектігін алға тартып, жергілікті әкімдік пен депутаттардан, полициядан араша сұраған.

«Саябақта сайраңдап, қатты шауып жүрген бұл азамат бірнеше бүлдіршінді қағып кеткен. Бір бүлдіршін танысымның қызы. Артынан қуса, ұстатпаған. Бүгін 2-3 адамды қағып, жазасыз жүрсе, ертең не болмақ?… Қаншама бала-шаға жүр. Ертең біреудің баласы өлсе не болмақ? Маған ата-анасы «Не істейміз?» деп жіберді. Мынау ойнайтын нәрсе емес. Тапа-тал түсте қызды зорламақ болады, кешке атпен қағады. Халықта құқық қорғау органдарына деген сенім сейіліп барады» деп жазды Гүлжан Серік есімді желі қолданушысы.
Автор желі парақшасында саябақтағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған сәттің үзінді видеосын да жариялады. Көп ұзамай Кентау қалалық әкімдігіндегілер бұл жайт бақылауға алынғанын, құзырлы органдар тарапынан тексеру жұыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиғаны растады. Бұл туралы полицияға қалалық орталық  ауруханасындағылар хабарлаған. Полиция мәліметінше, саябақта ата-анасымен кетіп бара жатқан кішкентай қызды жылқысын игере алмай қалған тұрғын соғып құлатқан.
«Аталған жайт Кентау қалалық полиция бөлімінде тіркелді. Алайда әкесі кішкентай қызының дене жарақатын алмағанына байланысты арыз жазудан бас тартқан.  Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде» делінген полиция мәліметінде.

Loading...