Мәзір
11 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі тұратын үйдің ауласынан марихуана табылды

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі тұратын үйдің ауласынан марихуана табылды

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі тұратын үйдің ауласынан марихуана табылды Атырауда деструктивті діни ағым өкілі тұратын үйдің ауласынан марихуана табылды
ашық дереккөзі
Атырауда деструктивті діни ағым өкілі тұратын үйдің ауласынан марихуана табылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Taulik.kz. ҚазАқпараттың жазуынша, деструктивті діни ағым өкілінің бұрын сотталғаны анықталған.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері түнгі сағат 22:15 шамасында деструктивті діни ағымды ұстанатын 2000 жылғы тұрғынның Атырау қаласындағы үйінің ауласына тексеру іс-шарасын жүргізді. Тексеру кезінде жалпы салмағы 90,2 граммды құрайтын марихуана есірткі затын тәркіледі. Деструктивті діни ағым өкілінің бұрын сотталғаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 17 дерегі анықталған.
«Полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сақтауға қатысты 17 деректі анықтады. Оның ішінде синтетикалық есірткі сақтауға қатысты 9 дерек бар. Ал, марихуананы заңсыз сақтаудың 3 дерегі тіркелді. Биылғы жыл басынан тіркелген бұл санаттағы қылмыстардың ішінде 8 дерек Тараз, Қарағанды, Ақтөбе, Семей Шығыс Қазақстан облыстарынан және Нигерия, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларынан келген тұлғалар тарапынан жасалып отыр. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 60 келіден астам есірткі тәркіленді», -деп мәлім етті Нұрхат Оразбаев.

Апта талқысында: