logo
search
menu

Пәтер кезегін 10 жыл күткендер баспанаға қашан қол жеткізеді

Пәтер кезегін 10 жыл күткендер баспанаға қашан қол жеткізеді
12 мамыр, 2023
Пәтер кезегін 10 жыл күткендер баспанаға қашан қол жеткізеді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астана әкімі Жеңіс Қасымбекқаладағы құрылысы ұзаққа созылған үйлерді жылу беру маусымына дейін  жылу жүйесіне қосуға уәде берді, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Қала басшысы желідегі парақшасында пәтерлерін 10 жылдап күтіп жүрген  үлескерлермен кездескенін мәлім етті.
    «Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2 - Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар», – дейді ол.
    Әкім кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып бара жатқанын айтты, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз.
    «Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар», – дейді Ж.Қасымбек.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы