Көкшетауда әкесі көршісіне қалдырып кеткен 2 жасар қызын таппай қалған, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
11 мамыр күні Көкшетау қаласы ПБ жедел басқару орталығына облыс орталығының тұрғынынан шамамен 20 минут бұрын оның 2 жасар қызы жоғалып кеткені туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
Ер адам шұғыл жұмысқа шақырылып, баланы жақсы таныс көршісіне, қарт адамға қалдыруға мәжбүр болғанын, ал қайтып келгенде зейнеткер баланың қайда екенін білмегенін хабарлады.
2 жасар Ақмола тұрғынының жоғалып кету дерегі бойынша полиция басқармасының қызметкерлері дереу шығып, оның орналасқан жерін анықтау бойынша бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Тәртіп сақшылары қыздың болуы мүмкін барлық жақын аумақтар мен бағыттарды айналып өтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Көкшетау қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Қуат Қажымов пен Нұртілеу Аманжол өтініш беруші тұрған үйдегі пәтерлердің бірінен қызды тауып алды.
Қарт көршісінің аулада бүлдіршінмен жарты сағаттай жүргені анықталды. Кейінірек, кәрілікке байланысты, оған баланы кім қалдырғанын ұмытып, 2 жасар қызды таныс зейнеткерге апарып беріп, бұл туралы ұмытып кеткен.
Бүлдіршінге қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Қазіргі уақытта бала ата-анасына табысталып, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.