Мәзір
12 мамыр, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Тоқаев тәртіптік теріс қылығы үшін 5 судьяны қызметінен алып тастады

Тоқаев тәртіптік теріс қылығы үшін 5 судьяны қызметінен алып тастады

Тоқаев тәртіптік теріс қылығы үшін 5 судьяны қызметінен алып тастады Тоқаев тәртіптік теріс қылығы үшін 5 судьяны қызметінен алып тастады
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Президент Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz жазуынша, президент Жарлығына сай, мына өңірлердегі судьялар қызметінен босатылды: - Ақтөбе облыстық сотының судьясы Жапаров Еркін Мұсаханұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша; - Жамбыл облыстық сотының судьялары - Жұмағұлов Нұрлан Асуұлы, Сыздықова Гүлнар Коминтернқызы отставкаға кетуіне байланысты; - Түркістан облыстық сотының судьясы Жаппасова Клара Жаппасқызы отставкаға кетуіне байланысты. Астана қаласы бойынша: - Алматы аудандық сотының судьясы Смағұлова Нұргүл Ілесқызы басқа жүмысқа ауысуына байланысты; - Есіл аудандық сотының судьясы Құлақбаева Жанна Мұхтарқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты; - Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кушакова Марина Афанасьевна отставкаға кетуіне байланысты. Алматы қаласы бойынша: - Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы Рамазанова Айжан Қадылбекқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты; - Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова Светлана Сәтбайқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша. Шымкент қаласы бойынша: - Абай аудандық сотының судьясы Мылтықбаев Қанат Елемесұлы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша. Абай облысы бойынша: - Семей гарнизоны әскери сотының судьясы Жүнісбеков Асқарбек Жүнісбекұлы отставкаға кетуіне байланысты. Алматы облысы бойынша: - Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Түменбаева Алмакүл Қанапияқызы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты. Атырау облысы бойынша: - Атырау қаласы мамандандырылған тергеу сотының судьясы Трумова Дина Шоқанқызы қайтыс болуына байланысты. Батыс Қазақстан облысы бойынша: - Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Губашев Нұрлан Ерболатұлы қайтыс болуына байланысты. Қарағанды облысы бойынша: - Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы сотының судьясы Мұхатжанова Бақыт Батбекқызы отставкаға кетуіне байланысты; - Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Дурдыев Рафаил Ибрагимович отставкаға кетуіне байланысты; - Теміртау қалалық сотының судьясы Шаяхметова Айжан Ғазизқызы тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья қызметінен босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі бойынша; - Теміртау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Сыздықов Ерлан Ерғалиұлы отставкаға кетуіне байланысты. Қостанай облысы бойынша: - Лисаков қалалық сотының судьясы Ағыбаев Нұрлан Базарбайұлы отставкаға кетуіне байланысты.

Апта талқысында: