logo
search
menu

Астанадағы мешітке бас имам болып Нұрлан имам тағайындалды

Астанадағы мешітке бас имам болып Нұрлан имам тағайындалды
12 мамыр, 2023
Астанадағы мешітке бас имам болып Нұрлан имам тағайындалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Имам, дінтанушы, теолог, психолог, әлеуметтік желіге танымал Нұрлан Байжігітұлы Ырыскелді қажы атындағы мешітке басшылық ету үшін Астанаға көшіп келгенін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz жазуынша, имам өзінің тағайындалуы туралы әлеуметтік желіде жазған. 
    «Алланың қалауымен, елдің ізгі тілегімен бүгін Астана қаласындағы «Тәңір гүлі» атанған Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалдым. Бұл мен үшін жақсы жаңалық! Енді осы мешітте Астана жұртшылығы мен қала қонақтарын қарсы алатын боламыз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болсын», – деп жазды ол.
    Нұрлан Байжігітұлы белсенді блогер, әлеуметтік желі қолданушысы. Оған, Instagram желісінде оған 613 мың, TikTok-та 494 мың адам жазылған. Сонымен бірге оның TikTok-тағы жарияланымдары төрт миллионнан астам лайк жинады.

    Нұрлан имам өз блогында күнделікті мәселелерге қатысты ақыл-кеңестерін беріп, сонымен қатар ислам дінін қазіргі тілмен түсіндіреді. 

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы