logo
search
menu

Нұрлан имам жаңа қызметке тағайындалды

Нұрлан имам жаңа қызметке тағайындалды
12 мамыр, 2023
Нұрлан имам жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Әлеуметтік желіде танымал имам Нұрлан Байжігітұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды taulik.kz. Ол елордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болды. Нұрлан Байжігітұлы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
    «Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын», – деп жазды желідегі парақшасына ұстаз.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы