logo
search
menu
Бүгін үш боксшымыз Ташкентте алтын үшін рингке шығады
ашық дереккөзі

Бүгін үш боксшымыз Ташкентте алтын үшін рингке шығады

Бүгін үш боксшымыз Ташкентте алтын үшін рингке шығады Бүгін Ташкент қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында үш қазақстандық боксшы финалда бақ сынайды, деп хабарлайды taulik.kz. Астана уақытымен сағат 18.00-де басталатын бокс кешінде алдымен Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ойбек Джураевпен қолғап түйістіреді. Төртінші жекпе-жекте ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) тағы бір өзбекстандық Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасады. Бұл күні 80 келіге дейінгі салмақта өтетін бәсеке қызықты болмақ. Онда Нұрбек Оралбай Қытай атынан шығатын қазақ жігіті Тоқтарбек Таңатханмен рингке шығады.