Атырауда белгілі журналистің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды
«Облыстық криминалдық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады», - делінген хабарламада.Еске салсақ, бұған дейін Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягинге тиесілі Lexus RX-300 көлігі өртеніп кеткені хабарланған болатын. Оқиға 11 мамырға қараған түні болған және бейнебақылау камераларына түсіп қалған.