2024 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты Астанада өтеді
«Қазақстан сияқты мықты бокс елінің IBA-ның ірі турнирлерінің бірін өткізетініне қуаныштымын. Бұған дейін осындай дода Астанада 2016 жылы өткен, енді, міне, қайта оралғалы отыр. Мен тамаша чемпионатты асыға күтемін және алдағы жылы Астанада бас қосатын боксшыларды құттықтаймын», - деді IBA президенті Умар Кремлев.