Тобылда 3 жасар қызды питбуль талап тастады

Тобылда 3 жасар қызды питбуль талап тастады

ашық дереккөзі

Қостанай облысының Тобыл қаласында 3 жастағы баланы ит талап тастаған, деп хабарлайды Taulik.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап. Нақты айтқанда, 6 мамырда питбуль тұқымдас ит 3 жасар қызды талап, бетіне қатты зақым келтірген. Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімі меңгерушісінің айтуынша, бала өте ауыр халде болған.

Бізге келгенде баланың жағдайы нашар болды. Қатты шошынған. Беті, ерні жыртылып кеткен. Шұғыл түрде ота жасалды. Ернін, бет терісін тіктік. Балақай жансақтау бөлімінде бірнеше күн бойы жатты, - дейді Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкий.
Дәрігердің айтуынша, баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Жүріп-тұра алады, өздігінен тамақтанады.
«Тіккен жерлерін бақылауда ұстап отырмыз. Себебі ит талаған соң әдетте жара іріңдеп, инфекция тікелей миға әсер етеді. Бұл жағдайда жаралары іспеген. Бірнеше күннен кейін тігістерін аламыз. Сосын баланы үйіне жібереміз», - деді Игорь Белобржицкий.

Loading...